«Қайрат» ФК-ның қақпашысы Данил Устименко «Тобылмен» болған кездесу жайлы өз пікірін білдірді (2:2).
-Әрине, тең ойын - бұл біз қалаған нәтиже емес, бірақ осындай қиын ойында, жақсы нәтижеге қол жеткізгенімізге қуаныштымыз. 1:2 есебі тіркеліп тұрған сәтте, біздің бір ойыншы алаңнан қуылды, бірақ біз соңына дейін ойнадық және гол соғып, есепті теңестіре алдық.
- Қақпашылар бапкері Илья Юровпен бірге әр ойынға тиянақты түрде дайындаламыз. Тағыберген тепкен пенальти сәтінде, өз түйсігіме жүгіндім және дұрыс шешім қабылдадым. Пенальтиді қайтарып өз командама көмектескеніме қуаныштымын.