«Қайрат» қақпашысы Қызылордадағы голсыз тең ойын туралы пікір айтты.
– Данил, кешегі «Қайсармен» болған ойын туралы пікіріңді айтсаң.
– 0:0 есебі біздің көңілімізден шықпайды. Әр ойынға жеңу үшін шығамыз. Бізде гол соғатын біраз сәт болды, бірақ, өкінішке қарай, футболда ондай болып тұрады. Қонақтағы ойында бізді қолдауға келген жанкүйерлерге рақмет! Сіздің қолдауыңызды шынымен бағалаймыз!
– Матч соңында маңызды сейв жасағаннан кейін саған дәрігердің көмегі қажет болды. Өзіңді қалай сезінесің?
– Біздің медицина штабымызға алғысымды айтқым келеді. Ойын басталмай тұрып-ақ кішкене жарақат алғанмын, бірақ дәрігерлеріміз мені тез арада қалпыма келтірді.
– Келесі «Ақтөбеге» қарсы ойыннан не күтесің?
– Барлық матчтағыдай біз тек жеңіс үшін ойнаймыз! Ойын бәрін көрсетеді.