«Қайраттың» қақпашысы Данил Устименко клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 9-туры аясындағы «Ақтөбеге» (2:1) қарсы ойын туралы пікір білдірді.
– Данил, маңызды жеңістерің құтты болсын! Ойын туралы айта кетсең.
– Құттықтағаныңа рақмет! Мінез бен табандылық танытып, соңғы ысқырық естілгенше дейін күрестік. Бұл жеңісті досымыз әрі клубтасымыз Арсен Буранчиевке арнаймыз. Ол үшін бәріміз алаңдаймыз және оның тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз!
– Бапкерлер штабы бізді жігерлендіріп, «Ақтөбені» жеңе алатынымызды айтты. Бірінші болып жіберіп алған кезде де, мен жеңетінімізге сендім.
– Стадионды толтырып, матч бойы бізді қолдаған жанкүйерлерімізге рақмет. Атмосфера керемет болды! Мұндай қолдау бізді тек алға жетеледі.
Фото: Михаил Гамзин