«Қайрат» футбол клубының қорғаушысы Дамир Касабулат өзінің «сары-қаралар» сапындағы ресми дебюттік ойыны туралы, клубтың баспасөз қызметіне сұхбат берді.
- Біріншіліктегі алғашқы матчты жеңгенімізге қуаныштымын, мұндай тамаша атмосфера, жоғары деңгейде бірінші рет ойнадым, маған қатты ұнады.
-Құрбан Бекиұлы бірінші таймнан соң қобалжығаныңды айтты, қобалжуды қалай жеңе алдыңыз?
-Иә қобалжу болды, мен барынша қатесіз ойнауға тырыстым, әрі командалас әріптестерім маған жақсы көмектесті. Осының арқасында мен қобалжығанымды жеңе алдым, екінші таймда өзімді сенімді сезіне бастадым.
Осы сәтті пайдалана отырып, қызу қолдау жанкүйерлерге алғысымды білдіргім келеді, және бапкерлік құрамның маған сенім білдіргеніне алғыс айтамын.