«Қайраттың» қорғаушысы Дамир Қасабулат клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 3-ші турындағы «Каспийге» (3:1) қарсы ойынға қатысты пікір білдірді.
– Дамир, жеңіс құтты болсын! Ойын туралы не ойлайсың?
– Рақмет, жеңіс барлығына құтты болсын! Ойын қиын болды, ең бастысы біз үш ұпай жинап, жанкүйерлерімізді қуанта алдық!
– Иә, қазір жағдай солай болып тұр, мен оң қапталдағы қорғаушы болып ойнаймын. Маған ең бастысы ойнау керек, қай позицияда ойнайтыным маңызды емес. Бастысы, командаға көмектесіп, клубқа пайдамды тигізу.
– Менің ойымша, үзілістің бізге деген әсері оң болмақ, өйткені кейбір ойыншылардың жеңіл жарақаты бар. Олардың сауығып, чемпионатты қайта бастауға, бұдан да жақсырақ дайындалуға уақыты болады.