«Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы Хуан Фелипе «SportInform» тілшісіне «Зенитке» қарсы ойын туралы айтып берді.
- Өткен жылы «Зенитке» қарсы ойнаған болатынмын. Құрамында мықты ойыншылар жиналған. Македонияда да, Ресейде де (0:5 и 1:2) өте ауыр ойындар өтті. Бұл ойындар мен үшін үлкен тәжірибе алаңы болды.
Бұл «Қайрат» үшін де таптырмас тәжірибе болмақ. Біздің команданың құрамында да шебер ойыншылар жиналған. Біздің керемет ойын күтіп тұрғаны анық.
- Жанкүйерлер гол көре ала ма?
- Болу керек! «Қайраттың» сапында гол соқпадым. Осы жолы қарсыластың қақпасын дәл көздеймін деп үміттенемін.