6 тамыз күні сағат 20:00-де Орталық стадионда УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчы өтеді. Біз Словакия чемпионы — «Слованды» қабылдаймыз.
Билетті Qairat SuperApp мобильді қосымшасында сатып алуға болады.
Қауіпсіздік мақсатында билет сатып алу кезінде ЖСН немесе төлқұжат деректерін көрсету қажет. Билет қайтарылмайды.
Маусымдық абонемент иесіне өз орнын сатып алу құқығы бірінші болып беріледі. Ticketon әркіммен жеке байланысады.
Билетті алыпсатардан сатып алмауыңызды сұраймыз. Мұндай билеттің күші жойылуы мүмкін. Бұл жағдайда сіз матчқа кіре алмай қалуыңыз ықтимал. Ол жанкүйерлер мен ұйымдастырушыларға қиындық туғызады.
Билет алу барысында қиындық туындаса, мына нөмірге хабарласыңыз: +7 771 772 0110
Стадионға екі-үш сағат бұрын келуіңізді ұсынамыз. Кезекке тұрмай-ақ үлкен футбол атмосферасын толық сезініңіз.