«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» – «КуПС» матчының билеті сатылып жатыр!
Қайрат

«Қайрат» – «КуПС» матчының билеті сатылып жатыр!

21 июля 2025
/ 13:07
29 шілде күні сағат 20:00-де Алматы қаласындағы Орталық стадионда УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчы өтеді. Біз Финляндия чемпионы — «КуПС»-ты қабылдаймыз.
Билетті Qairat SuperApp мобильді қосымшасында сатып алуға болады.
Қауіпсіздік мақсатында билет сатып алу кезінде ЖСН немесе төлқұжат деректерін көрсету қажет. Билет қайтарылмайды.
Маусымдық абонемент иесіне өз орнын сатып алу құқығы бірінші болып беріледі. Ticketon әркіммен жеке байланысады.
Билетті алыпсатардан сатып алмауыңызды сұраймыз. Мұндай билет жарамсыз деп танылуы мүмкін. Матчқа кіре алмай қалуыңыз және өз орныңыздан айырылып қалуыңыз ықтимал. Бұл жанкүйерлерге де, ұйымдастырушыларға да қолайсыздық тудырады.
Билет сатып алу кезінде қиындық туындаса, мына нөмірлерге хабарласыңыз: +7 727 339 0347, +7 727 339 0348
Стадионға екі-үш сағат бұрын келуіңізді ұсынамыз. Кезекке тұрмай-ақ үлкен футбол атмосферасын толық сезініңіз.
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»