«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Бердыев: Қиын ойын болды, бірақ біз жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымыз
Қайрат

Бердыев: Қиын ойын болды, бірақ біз жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымыз

06 марта 2022
/ 06:00
«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Құрбан Бердыев «Ақтөбеге» қарсы кездесуден кейін клубтың баспасөз қызметіне сұхбат берді.

-Құрбан Бекиұлы, ойыннан алған әсеріңізбен бөліссеңіз?
- Ойын біз күткендей-ақ қиын болды. Біз жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Бүгін кейбір жас ойыншыларымыз алаңға бірінші рет шықты. Бірақ ойын деңгейі жақсы болды деп айта аламын.

-Дамир Касабулаттың ойынына қандай баға берер едіңіз?
- Қатты қобалжыды, қателіктері болды, әсіресе бірінші таймда, жалпы жақсы ойнады.

- Құрам сапында Васин және Алықұлов неге болмады?
- Олар сәл сырқаттанып қалды.

- Пенальтиге байланысты ойыңыз, неге Канте тепті?
- Негізінде Алвеш орындауы керек болған, бірақ Канте оған өзім орындаймын деп айтты. Бұл жерде психологиялық тұрғы мықты болу өте маңызды, Канте өзіне сенімді болды, сондықтан өзі орындады.

-Трансферлік терезенің жабылуына дейін уақыт бар, тағы жаңа ойыншылар келуі мүмкін бе? Қорғаныс шебіне?
- Басты ойымыз өз түлектерімізді ойнату. Егер тиімді ауысым болатын болса, бәрі де мүмкін.

- Сейдахмет оң қанаттағы латераль қызметін, осымен екінші матч қатарынан атқаруда, ол өзін сол позицияда өзін қалай сезінеді, қорғаушы ретінде ойын деңгейі жоғарылады ма?
- Ол ешқашан бұл позицияда ойнамаған, бірақ ойнай білді.
Ақтөбенің оң қанаты мықты болды, бірақ Сейдахметтің ойынына көңілім толды.

-Ол қорғаушылар төрттігінде ойнауы мүмкін бе? 
Жоқ, егер төрт қорғаушы болса ол жоғары жылжитын болады, шабуылға жақынырақ.
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»