«Хапоэль» – «Қайрат» 2:0
Голдар: Рамзи Сафури (10'), Эден Шамир (63').
«Хапоэль»: Эрнестас Шеткус (В) - Шон Гольдберг, Мигел Витор, Лоай Таха, Бен Биттон (К) - Эден Шамир, Давид Кельтинс, Маруан Кабха - Рамзи Сафури, Джимми Марин, Найджел Хассельбайнк.
Қосалқы құрам: Оад Левита (В) - Орен Биттон, Амит Биттон - Наор Сабаг - Бен Сахар, Нив Зрихан, Хосе Анхель Каррильо;
«Қайрат»: Стас Покатилов (В) – Дино Миканович, Раде Дугалич, Елдос Ахметов, Ғафуржан Сүйімбаев - Исламбек Қуат, Конрад Вржещиньский, Айбол Әбікен, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан (К) - Адеринсола Эсеола.
Қосалқы құрам: Владимир Плотников (В) - Сергей Политевич, Еркебұлан Түңғышбаев - Рамазан Оразов, Небойша Косович, Еркебұлан Сейдахмет - Мартон Эппель.
«Хапоэльге» қарсы матч сегіз мыңдық жанкүйерлері қолдаған, израильдықтардың шабуылынан басталды. Жергілікті журналисттердің айтуынша, демалыс уақыты болмағанда, жанкүйерлер одан да көп болар еді. Жергілікті ойыншылар алматылықтардың «жылдам» көгалға бейімделуге кеткен алғашқы минуттарын, өздерінің шабуылдарына пайдалануға тырысты. Соның біреусі тоғызыншы минутта оң қапталдан берілген соққы. Доп бұл кезде Раде Дугаличтың қолына тиді. Испандық төреші бірден пенальти тағайындап, айып добын Рамзи Сафури орындады. Соғылған голдан кейін қожайындар өздерінің шабуылдарын дамытқысы келді. «Сары-қаралар» бұндай ойынға дайын болып, щабуылды қайтара білді. Жарты сағат өткен кезде, қайраттықтар шынымен де қауіпті сәт туғызды. Адеринсола Эсеола жақсы шабуылдың нәтижесінде соққы бағыттап, доп штанганын жанынан өтті. Өзінің қақпасына жабысқан қожайындар допты алысқа теуіп,ереже бұзуды да жөн көрді. Бірінші таймның соңында қожайындар шабуыл жасағаннан гөрі, қорғануға көңіл бөлді. «Сары-қараларда» гол соғатын біраз мүмкіндіктер болды, бірақ доп қырсық қақпаға кірмеді.
Үзілістен кейін Алексей Шпилевский сарбаздары шабуылды жалғастырды.Бірінші өзінің мүмкіндігін Адеринсола Эсеола, кейін Ғафуржан Сүйімбаев жіберіп алды. «Хапоэль» өздерінің осалдықтарын байқап, ойынға кедергі жасауға тырысты. Ереже бұзу,ойыншы алмастыру, аут – барлығы есепті сақтап қалуға тырысқан қожайындар үшін қолайлы болды.
63-минутта Айбол Әбікен допқа тартыс кезінде желкеден соққы алып, көгалға құлады. Бірақ төреші ойынды тоқтатпай, қожайындарға шабуылды жалғастыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде доп Эден Шамирға жетіп, ол Стас Покатиловтың қақпасына баспен соққы жасап, есепті 2:0 жеткізді.
Алматылықтардың ұстазы күреске Конрад Вржещиньский мен Бауыржан Исламханның орнына Мартон Эппель мен Еркебұлан Сейдахметті шығарды. Жаңа ойыншылар шабуылға қарқын берді, бірақ бүкіл матч бойы белсенді ойнап жатқан біздің команда шаршай бастады.Ойынның соңында «сары-қаралар» гол соға алды, бірақ төреші Елдос Ахметовті қолмен ойнады деп, голды есептемеді. Исламбек Қуат капитан есебінде неліктен төрешінің голды есептемегенін білгісі келген кезде, сары қағаз алды.
«Хапоэльге» қарсы жауап ойын бейсенбі, бірінші тамызда «Орталық» стадионда өтеді.