«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Баймуханов Марат Бүркітұлы «Қайрат» ФК-ның бас директоры қызметінен кетті
Қайрат

Баймуханов Марат Бүркітұлы «Қайрат» ФК-ның бас директоры қызметінен кетті

01 февраля 2022
/ 06:00
Алматылық клуб сапында кадрлық өзгерістер орын алды.
Баймуханов Марат Бүркітұлы «Қайрат» ФК-ның бас директоры қызметін босатты, бірақ клуб құрылымындағы өз жұмысын басқа қызметте жалғастыратын болады.

Марат Бүркітұлының «Қайрат» ФК-ның жүйесіндегі тәжірибесі мол, әрі клубтың дамуына орасан зор үлес қосты.
2015 жылы Марат Бүркітұлы негізгі команданың басшысы қызметіне келіп, сол уақыттан бері нәтижелі жұмыс атқарып келеді.
Әкімшілік-шаруашылық істері департаментінің басшысы  және клубтың бас директоры қызметінде болған.
2020 жылғы чемпиондық маусымда Марат Бүркітұлы Қазақстан Республикасының біріншілігіне қатысатын клуб басшыларының дауыс беру нәтижесі бойынша, Қазақстан Премьер-лигасының сол жылғы үздік менеджері атанды.

«Қайрат» футбол клубы Марат Бүркітұлына осы уақытқа дейін бас директор қызметінде атқарған нәтижелі әрі табысты жұмысы үшін шын жүректен алғыс білдіреді және алдағы уақытта тек сәттілік тілейді!
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»