Көкшетаулық «Оқжетпес» қақпасына өзінің үшінші голын соққан «Қайрат» капитаны Бауыржан Исламхан алматылық команда сапындағы мерейтойлы 50-ші голын соқты. Қазіргі таңда Баторик барлық турнирлердегі «Қайраттың» тарихындағы үздік сұрмергендер қатарында үздік ондықты түйіндеп тұр.
Құттықтаймыз, кэп!