Жас жанкүйер 2018 жылғы әлем чемпионатының финалына баруға мүмкіндік алды.
Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушылары «McDonald’s» ұйымдастырған «Әр түскі аспен мүмкіндік көп» акциясының финалдық кезеңіне қатысты. Нәтижесінде 9 жастағы астаналық Мадали Исабек Әлем чемпионатының финалында алаңға ұлттық құрама ойыншыларының бірімен шығады.
Финал 15 шілдеде «Лужники» стадионында өтеді. Осындай жолдаманы жас қазақстандыққа алматылық клубтың көшбасшылары Бауыржан Исламхан мен Андрей Аршавин табыстады.