«Хапоэльдің» бас бапкері Барак Бахар ойыннан кейінгі баспасөз конференциясында, «Қайратқа» қарсы ойын жайлы өзінің ойымен бөлісті.
- Біз бүгін ойыннан алғымыз келгенді алдық. Біз агрессивті әрекет еттік, өз сәттерімізді іске асырдық.Өткен жылы біз ойынды жиі дұрыс жүргізе алмадық. Осы жылы біз өз мүмкіндігімізді жіберіп алмау керекпіз. Біздің жеңіске деген құштарлығымыз мол. Әсіресе, өзіміздің алаңда. Бірақ бізді алда үлкен жұмыс күтіп тұр. Бізге ойынды жақсарту қажет. Матчтың кейбір сәттерінде ғана бірінші нөмірде ойнамай, барлық кезде бірінші нөмірде ойнау керек. Біз «Қайратқа» қарсы ойынға дайындалдық және де ол өз жемісін берді.
- Бүгінгі нәтиже заңды ма?
- Фортуна біз жақта болды. Соңында жіберіп алмағанымыз, өте маңызды. Қарсылас біздің қақпаға мықты қысым көрсетті. Сондықтан да менің есепке көңілім толады. Сырт алаңдағы ойынның өте қиын болары анық. Бірақ біз өзіміздің жақсы қасиеттерімізді көрсетуге тырысамыз.
- Сіз ойын тең болды дегенмен келісесіз бе? Кейбір жерлерде «Қайрат» «Хапоэльден» басым болды.
- Бүгін бізге шабуылда жақсы ойнайты, жоғары деңгейлі команда қарсы тұрды. Мен алдында айтқанымдай, маған біздің қарсыластарымыздың шабуылдағаны ұнайды. Жауап ойында олар өздерінің шабуылдағы шеберлігін көрсетеді. Сондықтан да біз дайындаламыз.