«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Барак Бахар:«Қайратта» көп жақсы шабуылшы ойыншылардың жиналғанын білеміз»
Қайрат

Барак Бахар:«Қайратта» көп жақсы шабуылшы ойыншылардың жиналғанын білеміз»

24 июля 2019
/ 11:00

Беэр-Шевалық «Хапоэль» командасының бас бапкері Барак Бахар ойын алдындағы баспасөз конференциясында «сары-қаралардың» мықты жақтарын атап өтті.

- Менің ойымша «Кайрат» артықшылыққа ие. Қазақстанда маусым нағыз қызған кезі, ал біз енді бастадық. Сондықтан да біздің қарсыластарымыздың дайындығы жақсы .Біз өзіміздің мықты жақтарымызды пайдалануға тырысамыз: өзіміздің көгал, жанкүйерлеріміздің қолдауы, жоғары мотивация.

«Кайрат» бұл гол соға алатын және де гол соққанды жақсы көретін команда. Алматылықтардың құрамында бірнеше өте талантты ойыншылар жинақталған. Сондықтан да «Қайраттың» шабуылдарында өте сақ болу керек. Біз өзіміздің қақпамызды құлпта сақтап, қарсыластарымызға сырт алаңдағы голдың артықшылығын бермеуіміз қажет. Біз қарсыласты өте жақсы зерттедік және де «Қайратта» көп жақсы шабуылшы ойыншылардың жиналғанын білеміз».

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»