Осы жылдың маусым айының соңында «Қайрат А» командасының ойыншысы Бахтияров Акмаль клубпен келісімшарты болғанына қарамастан, бір агенттің сөзіне еріп, өз еркімен клуб сапынан кетіп қалды. Мұндай әрекеті ұзақ уақыт дисквалификация мен ойыншының мансабына тосқауыл болуы мүмкін екенін ескеріп, «Қайрат» ФК оның командаға оралуы үшін барлық амалды қарастырды. Оның үстіне, Акмаль бұл жайтты дұрыс түсінер деген оймен, клуб оқиға туралы барлық ақпаратты жоққа шығарды. Алайда, бәрі бекерге кетті – ол үшін агенттің уәдесі маңыздырақ болып шықты.
Клуб өзінің заңды құқығын қорғау үшін Дауларды шешу палатасына жүгінді. 24 шілдеде ДШП ойыншыға дисквалификация беріп, оған айыппұл салды.
«Қайрат» ФК өз тәрбиеленушісімен болған жайтқа өкінеді, алайда алдағы уақытта өз құқығын қорғау мақсатында барлығын заңды тұрғыда қарастырып қойды.