«Қайрат» жастар құрамының қорғаушысы Бахтияр Нурузбакиев «Қызыл-Жар СК» қақпасына гол соққан ойыншылардың бірі атанды. Ойыншы клубтың ресми сайтына матч жайында айтып берді.
- Бахтияр, жеңіс құтты болсын! Ауа-райын ескерер болсақ, ойын қаншалықты ауыр болды?
- Рақмет! Мұндай ауа-райы жағдайында ойнап үйренбегенбіз, бірақ бұл командалық рухқа әсер етпеді, тек жеңіске жету ниетімен шықтық. Ойынды толығымен бақылауда ұстадық, допқа иелік еттік. Матчтың соңында біздің қақпамызға пенальти белгіленген соң сәл қобалжыдық.
- Алда маусымның соңғы матчы. Команда бұл ойынға қандай жігермен шығады?
- Маусымның соңғы кездесуіне тек жеңіс үшін ғана шығамыз: маусымды жақсы нотада аяқтауымыз керек.