«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

БАҚ назарына
Клуб жаңалықтары

БАҚ назарына

16 июля 2018
/ 00:00

«Қайрат» еуропалық клубтар арасындағы УЕФА Еуропа лигасы 2018/2019 турниріндегі сапарын жалғастыруда. Алматылық футболшылар «Энгорданимен» қарымта ойынға дайындалып жатыр.

Андорралық «Эндорганиге» қарсы алғашқы кездесу 12 шілдеде өткен. Алматылықтар алаң иелерін сенімді жеңген болатын – 0:3. Қарымта ойын 19 шілдеде Алматыда өтеді.

Сәрсенбі, 18 шілдеде, Орталық стадионның баспасөз-залында «Қайрат» ФК және «Энгордани» ФК өкілдерінің қатысуымен матч алдындағы баспасөз-мәслихаты болады.

Медиа-шараның жоспары:
17:30 – 17:45 «Қайрат» ФК баспасөз-мәслихаты («Орталық» стадион). 

Қатысушы: Карлос Алос – бас бапкер

18:30 – 18:45 «Энгордани» ФК баспасөз-мәслихаты («Орталық» стадион). 

Қатысушы: Хосеп Менгуаль – бас бапкер


11:00 – 11:15 БАҚ үшін «Қайрат» ФК ашық жаттығуы («Қайрат» ФК базасы).
19:00 – 19:15 БАҚ үшін «Энгордани» ФК ашық жаттығуы («Орталық» стадион).

Бұқаралық ақпарат құралдарының аккредиттелген өкілдері өз тіркеу құжаттарын «Қайрат» ФК бас бапкерінің қатысуымен болатын баспасөз-мәслихатынан соң ала алады. Айта кетейік, «Қайраттың» Қазақстан чемпионатындағы матчтарына арналған аккредитациялар Еуропа лигасының ойындарында жарамсыз. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»