«Қайрат» жастар құрамының шабуылшысы Бағдәулет Жүзбай «Жас-Ұлан» командасымен матч жайында.
- Матч ауыр болды, өйткені біз үшін бұл төрт күндегі екінші ойын. Ойыншылардың барлығы 100% барын салды. Оңтүстіктегі командалар әрдайым жеке шеберліктерімен және күресуге деген ұмтылысымен ерекшеленеді, бірақ біз бапкердің анық нұсқауларын орындай алдық, сондықтан ерекше қиындықтар болмады.
- Сен жастар командасы сапында бірнеше ойын өткіздің. Әлі де бейімделіп жатсың ба?
- Бейімделу үрдісі жақсы өтіп жатыр, ойын тәжірибесі беріп, сенім артқан «Қайрат Ж» бапкерлеріне рақмет. Алда екі маңызды ойын күтіп тұр. Максималды нәтиже көрсетуге тырысамыз.