«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Қазақстандық және нидерландтық клубтардың өзара кездесу тарихы
Клуб жаңалықтары

Қазақстандық және нидерландтық клубтардың өзара кездесу тарихы

23 июля 2018
/ 00:00

Қазақстандық және нидерландтық клубтар еурокубоктар аясында төрт рет кездескен. Екі сәтте де отандық командалар біздің болашақ қарсыласымыз АЗ Алкмармен күш сынасты.

Алғашқы кездесу 2010 жылы тамызда Еуропа лигасының плэй-офф кезеңі аясында өтті. Сол кезде «Ақтөбе» сырт алаңдағы алғашқы матчта Нидерландыда жеңіліп қалды – 0:2. Ал өз алаңында Тлешев жасаған дубльдің арқасында қарсыласынан басым түсті – 2:1. Бірақ турнирдің топтық кезеңіне қонақтар өтті.

Қазақстандық клуб кейін аклмарлық ұжыммен тағы да күш сынасты. Бұл жолы 2013/14 жылғы маусымда Еуропа лигасының топтық кезеңінде қарағандылық «Шахтер» нидерландтықтарға қарсы екі матч өткізді. Өз алаңында «кеншілер» тең түсті – 1:1, ал сырт алаңда минималды есеппен ұтылды – 1:0.

«Қайрат» пен АЗ арасындағы матч 26 шілдеде Алматы қаласының Орталық стадионында өтеді. Шоу-бағдарлама 20:00-де басталады. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»