Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XXVI туры отандық футболшы және функционер Михаил Ильич Гурманның құрметіне өтеді.
Ойыншы ретінде Михаил Гурман «Нефтехимик» (Тәжікстан), «Орбита» (Қызылорда), «Қайрат» (Алматы), «Трактор» (Павлодар), «Шахтер» (Қарағанды) және «Жетісу» (Талдықорған) футбол клубтарында өнер көрсетті.
Алматылық «Қайрат» сапында КСРО Бірінші лигасында жеңіске жетті. КСРО Жоғарғы лигасында 21 матч өткізіп, екі гол соқты.
Михаил Ильич 92 гол соғып, G100 қазақстандық сұрмергендер клубының мүшесі болып табылады.
Ойыншылық мансабын аяқтағаннан кейін ол Қазақстан Республикасы Футбол қауымдастығының Вице-президенті лауазымында еңбек етті. Содан кейін Қазақстан Ұлттық футбол лигасының директоры, Қазақстан футбол федерациясының Вице-президенті, сонымен қатар «Астана» футбол клубын басқарды.
2018 жылы отандық футболдағы жетістіктері үшін Михаил Ильичке «ҚКФЛ Құрметті қайраткері» атағы берілді.