Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XXV туры отандық футболшы және бапкер Александр Николаевич Жуйковтың құрметіне өтеді.
Жуйков кәсіби мансабын «Восход» (Тараз) футбол клубында бастады. Сонымен қатар ол АДК (Алматы), «Қайрат» (Алматы), «Химик» (Тараз) және «Шахтер» (Қарағанды) клубтарында өнер көрсетті.
«Қайрат» сапындағы сегіз маусымда Жуйков 180-ден астам ойын өткізді. Теміржолшылардың Халықаралық спорт одағының Кубогындағы жеңісті ерекше атап өтуге болады.
Ойыншы мансабын аяқтағаннан кейін алматылық мектеп-интернатта және ЦСКА футбол клубында балалар бапкері болып қызмет атқарды.
Қазақстан ардагерлер құрамасының сапында Жуйков Австралиядағы Дүниежүзілік ойындардың қола жүлдегері атанды (1994). Төрт жылдан кейін аталмыш жарыстың жеңімпазы атанды.