Қазақстан халқының бірлігі күні – Қазақстан Республикасының жыл сайын 1 мамырда тойланатын мемлекеттік мерекесі. 1995 жылы 18 қазанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялады.
Біздің республикамыз – көпұлтты мемлекет. Қазақстанда жүз елуден астам ұлт пен ұлыс тұрады. Ұлтаралық және дінаралық келісімді сақтау Қазақстан Республикасының ең маңызды саясаттарының бірі.
«Қайрат» футбол клубы барша қазақстандықтарды осындай маңызды мерекемен құттықтап, татулық және бақыт тілейді.