«Қайрат» футбол клубы барша жанкүйерлер мен осы спортқа байланысы бар жандарды Қазақстан футболы күнімен құттықтайды!
16 жыл бұрын біздің еліміз Еуропа футбол қауымдастықтары одағының толыққанды мүшесі атанып, 2002 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан УЕФА-ның 52-ші қатысушысы болды. Осындай күнде «Қайрат» футбол клубы барша қазақстандық жанкүйерлер мен футболсүйер қауымды құттықтайды, бұл ойын сіздердің арқаларыңызда ғана көрікті.
Қолдауларыңыз үшін үлкен алғыс айтамыз!