Футболдық центірлер мен Академия қыздары арасындағы 13 жасқа дейінгі Қазақстан чемпионаты екі кезеңнен тұрды. Өткен айда іріктеу кезең өтті. Мария Ялова мен Сюзанна Корнецова жаттықтырған біздің команда іріктеу кезеңді жақсы аяқтап, финалға өте алды. «Қайраттан» басқа үздік сегіздікке «Оңтүстік Академиясы», «Шахтер», «Тобол», «Актөбе», «Ақжайық», «Семей» және «Ертіс» кірді.
Турнирдің қортындысы бойынша «Қайраттықтар» екінші орынды иеленді. Ал Амина Бибосынова турнирдің уздік шабуылшысы атанды. Еске сала кетейік, бұл «Қайраттық» қыздардың қатысып жатқан ең алғашқы турнирі.