Алматыда Академиялар мен дайындық топтарының жасөспірімдер командалары арасындағы чемпионаттың финалдық кезеңі өтіп жатыр.
Қазақстан Біріншілігінің финалдық кезеңіндегі алғашқы матчта «Қайраттың» 2002 жылы туған тәрбиеленушілері 2000 жылы туған ойыншылармен қатысып жатқан «Семей» командасын тас-талқан етті – 3:0. «Сары-қаралар» сапында Еламан Ниязбеков, Александр Бовкун мен Дархан Қалиұлы гол соқты.