Алматы оқушылар сарайында «Қайрат» Академиясының тәрбиеленушілері «Ақылды Алматы» жобасының екінші бағдарламасына қатысты.
Екінші сабақтың басты тақырыбы «Биологиялық эксперименттер» болды. Бұл жобаның авторлары бұл тақырыпты толығымен мазмұнды қылуға тырысқан. Екі сағат бойы жас футболшылар үш зертханада өз эксперименттерін өткізді.
Бірінші зертханада балалар тышқанды бақылады – олардың сыртқы қоздырғыштарға деген үйренуі мен реакция тексерілді. Келесі зертханада жас футболшылар жәндіктерді зерттеп, генетика саласынан тәлім алды.
Ал үшінші зертханада қайраттықтар омыртқасыздарды препараттауға машықтанды – шаян мен қоңыздарды ішінен қарап, олардың ортақ ерекшеліктерін анықтады.
Тағы айта кетерлік жайт, футболшылардың ата-аналары үшін де толыққанды бағдарлама болып, биология ғылымындағы жетістіктер, үлкен ашылулар мен ғалымдар жайында интерактивті лекция-викторина өтті.