Алматы оқушылар сарайында «Қайрат» Академиясының тәрбиеленушілері «Ақылды Алматы» жобасының бірінші бағдарламасына қатысты.
Бұл жобаның мақсаты білімнің түрлі пәндеріне байланысты интерактивті сабақтар өткізу болып саналады. Алғашқы сабақтың басты тақырыбы Менделеев кестесі болды. Бұл жобаның авторлары ғылымның бұл тақырыбын балалар үшін қиын, сонымен қатар, қызықты әрі қолжетімді қылуға тырысқан. Екі сағат бойы жас футболшылар төрт химиялық лабораторияларда эксперименттер жасап, экстракция, сүзгіден өткізу, органикалық және бейорганикалық синтезді жүзеге асырды.
Одан бөлек, тәрбиеленушілер сегіз түрлі элементтердің химиялық қасиеттерімен танысты. Футболшылардың ата-аналары үшін толыққанды бағдарлама болып, интерактивті лекция-викторина өтті.