Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Сан-Петерборда өтіп жатқан Гранаткин Мемориалы аясында Түркия командасымен кездесті.
Негізгі уақыттың қорытындысы бойынша қазақстандық футболшылар минималды жеңіске қол жеткізді – 0:1. 33-минутта Дінмұхаммед Қашкен пенальтиден гол соқты.
Қарсыласты жеңуге «Қайрат» Академиясының үш тәрбиеленушісі ат салысты: Данил Устименко, Андрей Ульшин мен Савелий Глазунов.
Турнирдегі алғашқы матчында қазақстандықтар қырғыз құрамасына жол берген еді – 1:2. Сол ойында алматылық клубтан Данил Устименко мен Андрей Ульшин алаңға шықты.