«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайраттық» бес ойыншы турдың үздіктер қатарында
Қайрат

«Қайраттық» бес ойыншы турдың үздіктер қатарында

25 июля 2019
/ 11:00

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Премьер-Лиганың 19-турының үздіктер құрамын жариялады. «Сары-қаралардың» бірден бес ойыншысы  үздіктер қатарына енді.

 Еркебұлан Тұңғышбаев үздік оң қапталдағы қорғаушы деп танылды.

Тұңғышбаев Қостанайда оң жақ қапталда жалаушадан жалаушаға дейін біраз жұмыс атқарды. «Қайраттық» ойыншы 76% дәл пас, ішінде 4 шешуші пас, «Тобылдың» айып алаңына 5 ұшқыр доп беру, 4 рет допты алып қою,6 рет допты ұстап қалып, 12  рет допты алып алуға қатысты. Әрекет индексі-270.

Еркебұлан Сейдахмет үздік сол қапталдағы жартылай қорғаушы атанды.

 Сейдахмет керек кезде командаға көмектесіп, керемет жекпе-жек өткізді. Жас талант  «Тобылдың» қақпасын екі рет алды. 19 жасар жартылай қорғаушы «балық» секілді үзіліс алдында эффектті гол соғып, нәтижелі пас берді. Ол 74%  нұсқаулы пас беріп, 3 рет жемісті айналма жасады. Әрекет индексі-277.

 «Сары-қаралардың» капитаны Бауыржан Исламхан үздік шабуылдаушы жартылай қорғаушы атанды.

Исламхан әдеттегідей тиімді болды, шабуылды ортамен ғана дамытпай, қапталмен де жиі жасады. «Қайраттың» капитаны «Тобылдың» қақапшысын біраз әбігерге салып, соңында соғылған пенальтимен көзге түсті. Оған қоса ол екі рет голдық пас берді, 8 рет өршітулі доп беріп, 68% ойынды жеңді,7 рет қарсыласты бірге-бір жеңді, пастарының жалпы нәтижелігі 79% жетті. Әрекет индексі-373 балл. Бұл турдың үздік көрсеткіші.

Біздің командамыздың екі снайпері (Мартон Эппель және Адеринсола Эсеола) өткен демалыстың үздік шабуылшылар дуэтіне кірді.

Керемет формадағы  Эппель «Тобылмен» ойында өте белсенді әрекет етті. Үнемі гол соғатын сәттерді іздеп, ақыр соңында дубль жасады. Доп беруден де ол қателік жібермеді десек болады. Дәлдік-81%. Әрекет индесі-288.

«Тобылдың» қорғаушылары Эсеолаға қарсы тұруға дайын болмады.Ол алаңға қосалқы құрамнан шығып, аз уақыт ішінде гол соғып үлгерді және де нәтижелі пас беріп, пенальти тапты. Әрекет индексі– 363.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»