«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайратта» бәсекелестік қашан да жоғары, алаңда тек мықтысы ойнайды. Вячеслав Швырев – «Оқжетпеспен» матчтан соң
Қайрат А

«Қайратта» бәсекелестік қашан да жоғары, алаңда тек мықтысы ойнайды. Вячеслав Швырев – «Оқжетпеспен» матчтан соң

18 сентября 2018
/ 00:00

«Қайраттың» шабуылшысы Вячеслав Швырев Бірінші лиганың 27-турындағы матчқа қатысты, алматылық футболшылар бұл ойында «Оқжетпесті» ұтқан болатын. Жас форвард клубтың ресми сайты көкшетаулықтарға қарсы матчтың қалай өткені жайында айтып берді.

- Вячеслав, жеңіспен құттықтаймыз. Сен матчты бірінші минуттан бастадығ, өзіңнің және команданың ойынын қалай бағалайсың?

- Менің ойымша, бапкердің осы ойынға қойған нұсқауларын толығымен орындадық. Жалпы, біз «Оқжетпес» командасы жоғары орындар үшін күресіп жатқанын жақсы білдік және олардың алдында Премьер-Лигаға шығу мақсаты тұр. Біздің қарсыласымыздың сапында Қазақстанның ұлттық құрамасында ойнаған, бұрынғы клубтарында сәтті өнер көрсетіп, Қазақстан футболында өзіндік ізін қалдырған көптеген ойыншылар бар. Сондықтан, әрқайсымыз үшін де олармен ойнау қызық болды, не істей алатынымызды көрдік және нәтижеге қанағаттанамыз деп айта аламыз.

Ойын туралы айтатын болсақ, матч күрделі болды деп ойлаймын. Ешкім де ұтылғысы келмеді, ойын дамылсыз өтті, екі командада да бірнеше мүмкіндіктер болды. 1:1 есебі кезінде бізде бір ойыншы алаңнан қуылды: команданың салы суға кетпегені қуантады, керісінше, алға ұмтылып, гол соға бастады. Бәрі ойдағыдай болып, 3:1 есебімен жеңіске жеттік.

Өз ойыныма келер болсақ, физикалық тұрғыда маған қиынырақ болды. Гол соғатын мүмкіндіктерім жеткілікті болған, бірақ кей тұста салқынқандылық жетіспеді. Жалпы алғанда, мен өз қалпыма қайта келе жатырмын, алда барлығы жақсы болады деп үміттенемін.

- Ұзақ уақыт бойы сен жарақатыңнан айығып, алғаш рет «Қайрат А» сапында ойнадың. Өзіңді қалай сезінесің және бұл командадағы шағын дебютіңді қалай бағалайсың?

- Иә, жарақатымнан айығып жүріп, екі жарым айды өткізіп алдым. Негізінде, жаңа айтқанымдай, физикалық тұрғыдан ауыр болды, өйткені бұл менің осы уақыттағы алғашқы ойыным еді. Жалпы, гол соғатын мүмкіндіктерім болды, бір жерде салқынқандылық, бір тұста сәттілік жетіспеді, бірақ ең бастысы біз жеңіске жеттік. Жаттығулар арқылы өз қалпыма оралып, 100 пайыз дайын боламын деп үміттенемін.

- Сен негізгі командамен бірге бір маусым бойы жаттығу жасап жүрсің. Өзің үшін осы маусым мен шабуылдағы бәсекелестік туралы не айта аласың?

- Айығуыма дейін «Қайраттың» 10-11 матчына қатысқан едім, екінші таймда шығып жүрдім, сол үшін Карлосқа алғыс айтамын – мен үшін бұл үлкен тәжірибе. Егер бәсекелестік туралы айтатын болсақ. «Қайратта» бәсекелестік қашан да жоғары және алаңға ең мықтысы ғана ойнайды. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»