«Қайрат-Жастардың» төрт ойыншысы турдың символикалық құрамына енді.
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Бірінші лиганың 1-ші турының үздік ойыншылар тізімін жариялады. Құрамға «Қайрат-Жастардың» төрт ойыншысы енді - Мади Айтөре, Рифат Нұрмұғамет, Андрей Ульшин, Артур Шушеначев.
Турдың үздік орталық қорғаушысы - Мади Айтөре
«Айтөре «Ақтөбе-Жас» командасына қарсы ойында қорғанысқа көңіл бөліп, қателікке
жол бермеді. 91% көрсеткішпен дәл пас,
68% жекпе-жектерде жеңіске жетті. Әуедегі
таласта 10 рет ұтқан, қарсыластың пасына 10 рет бірінші жеткен».
Үздік жартылай қорғаушы атағы Рифат Нұрмұғаметке бұйырды.
«Алыстан соғылған гол, 87% көрсеткішпен дәл пас жасады, 7 рет допты тартып
алған, қарсыластың пасына 10 рет бірінші жеткен».
Оң қапталдағы үздік жартылай қорғаушы Андрей Ульшин атанды.
«Ульшин «Ақтөбе-Жас» командасына қарсы кездесуде сауатты ойын өрнегін көрсетті –
7 соққының екеуін қақпаға дарытуға әріптесіне көмектесті. 18 жастағы 78% көрсеткішпен
дәл пас, 3 рет дриблинг жасады».
Турдың үздік шабуылшысы атағын Артур Шушеначев иеленді.