Бірінші лиганың 9-туры асяында Александр Арефьевтің шәкірттері «Оңтүстік Академиясын» 1:0 есебімен ұтты. Осы жеңістен кейін қайраттықтар турнирлік кестеде үшінші орынға жайғасты.
Ойын аса қаттық қарқынмен басталды. «Сары-қаралар» командасы гол соғуға дайын болды. «Қайрат» жастары бапкері тәжібиелі Сұлтанбек Астанов, Рифат Нурмұғамет және Самат Сәрсенов секілді ойыншыларды негізгі құрамда шығарды.
Шабуылдардың бірінде Айбар Нұрдалиев сол қапталдан өтіп, Арғын Манекеевке допты дайындап берді. Манекеев мүлт кетпеді – 1:0. Алаң иелері үзіліске дейін гол соғуға ұмтылып еді, алайда оларға дәлдік жетіспеді.
Екінші таймда қайраттықтар бірнеше уақыт бойы допқа иелік ете алмады. Алайда қарсыластар алаң ортасынан әріге аспады. Минималды есеппен жеңіске жеткен «сары-қаралар» Бірінші лиганың үздік командалар қатарына қайта оралды.