"Қызыл-Жар СК" командасына қарсы ойындағы жеңіс көпке дейін есте қалады. "Сары-қаралар" Бірінші Лиганың ең мықты ұжымдарының бірін бір жарым тайм бойы толық емес құраммен ойнап, жеңді.
Бірінші Лиганың 14-туры «Қайрат» ФК-ның Т.С.Сегізбаев атындағы Академияның керемет алаңында, қожайындардың шабуылдарынан басталды. Нұралы Әліп, Вячеслав Швыревпен күшейтілген «Қайрат-Жастар» оныншы минутта айып добын соғуға мүмкіндік алды. Бағдәулет Жүзбайдан пас алған Швырев айым алаңға кірген кезде, Виктор Гунченко оны қағып түсіреді. Төреші Андрей Марсал бірденен айып добын тағайындады. Өкінішке орай, Жүзбай айып добын Петропаволға жақында оралған тәжірибелі Антон Циринның қақпасына соға алмайды. 16-минутта Швырев қайтадан қожайындардың айып алаңына кіреді.Бұл жолы шабуылшы алыстағы төменгі бұрышқа соққы бағыттап, бірақ Цирин бұл соққыға да төтеп береді.
23-минутта сары қағазы бар Айбар Нурдалиев ысқырықтан кейін допты соғып, сол үшін екінші сары қағазын алып, алаңнан шығарылады. Алматылықтар он адам боп қалады. Александр Арефьевтің командасы бірінші таймныңортасында ойынды өзгерте бастады. «Сары-қаралардың» бапкері алаңнан Жүзбайды шығарып, орнына Руслан Джарлаевты шығарады. Ауысудан кейін есепті Адам Адахаджиев ашады. Жартылай қорғаушы айып добын керемет орындап, Циринның қақпасының алыстағы «алтылығына» бағыттайды. 31-минутта Джарлаевта есепті екі еселендіретін мүмкіндік болды, бірақ соққыны қақпадан жоғары асырады. Үзіліске командалар 1:0 есебімен кетті, бірақ қонақтарда таймның соңында есепті теңестіретін мүмкіндік болды.
Екінші таймда «Қайрат-Жастар» өз стилімен ойнауды жалғастырды. Петропаволдық футболисттер команданың аздығын пайдаланғысы кеп, көбіне стандарттармен ойнады. Данил Устименконың басшылығындағы қожайындар жинақы және нақты әрекет етті. 53-минутта қайраттықтар алаң ортасында допты ұстап қалып, екі паспен допты қонақтардың қақпасынан шығарды. Шабуылшы Артура Шушеначев допты айып алаңының ар жағынан торға бағыттап,өз міндетін орындайды. Есеп-2:0. Шабуылшы осы Чемпионатта жетінші рет көзге түсті.
Матчтың соңына дейін Александр Арефьевтің қарамағындағылар толық емес құраммен өзінің қақпаларын «құрғақ» ұстап, есепті көбейтуге де мүмкіндіктері болды. Финалдық ысқырық «Қайрат-Жастар» командасының тағы бір маңызды жеңісін белгіледі. Еске сала кетейік «сары-қаралар» оныншы турда дәл осындай есеппен, толық емес құрамда бір таймнан көп уақытта «Жетысу-Б» командасын жеңді.
«Қайрат-Жастар» командасының бас бапкері Александр Арефьев:
«Біз матчты жақсы бастадық. Бірнеше жақсы сәттер жасадық, айып добын таптық. Артынша екі голдық сәттер болды. Өкінішке орай біз оларды іске асыра алмадық. Одан кейін, өкініштісі футболистті алаңнан қуды. Кейін біз ойынды өзгертіп, сабырлықпен қимылдадық. Батылдық танытып, осы жеңіске қол жеткізгенімізге командаға ризамын. Осындай жағдайда және де осындай қарсыласқа қарсы. Бұл құрметке лайықты».