«Қайрат-Жастар» өз алаңында Бірінші лиганың 5-туры аясында «Шахтер-Булатпен» өткен ойында 4:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Матч басталмастан бұрын Алматының аспанына бұлт үйіріліп, жаңбыр жауды. Ойынның алғашқы 20 минуты командалардың дымқыл газонға үйренісумен өтті. «Сары-қаралар» командасы қарсыластарға қарсы шабуылға лап қойды. «Қайрат» жастары Елдос Ахметов, Еркебұлан Тұңғышбаев және Самат Сәрсенов секілді тәжіребиелі ойыншыларын алаңға бірінші минуттарда-ақ шықты.
Есепті 42-минутта Еркебұлан Тұңғышбаев ашса, бірнеше минуттан кейін Самат Сарсенов есепті еселеді.
Екінші таймда қодайындар тағы да басымдықпен көзге түсті. Алаңға тыңнан қосылған Артур Шушеначев кездесудің 60-минутында алматылықтардың үшінші голын соқты. Араға 5 минут салып, дубль авторы атанып, есепті 4:0-ге жеткізді. Александр Арефьев ойыншылары сенімді жеңіске жетті.
Александр Арефьев, «Қайрат» жастары бас бапкері:
«Қанда матч өткенін есептің өзі-ақ айтып тұр.Ең басты мақсатымыз қорғанысты берік қамалда ұстау болды. Барлық жігіттер барынша тырысты бақты деп ойлаймын. Діттеген мақсатымызға жеттік. Біз қақпамызға гол салдыртпадық – бұл өте маңызды. Көп гол соғып, қақпаға көп гол жіберіп алған сәттер де аз болмады. Бүгін жақсы ойын көрсеттік. Жігіттерге өздеріне деген сенімділік ұялады. Турнирлік кестеде үшінші боп тұрғанымыз да бүгінгі матчтың арқасында. Әрине, әлі де дайындық керек. Ең бастысы – бүгінгі кездесуде сенімді түрде жеңіске жетуіміз.