«Қайрат-Жастар» жолдастық кездесуде Шығыс Қазақстан облысының клубынан ұтылып қалды. Матч «Алтайдың» пайдасына 4:1 есебімен аяқталды.
Кезекті жолдастық матчта қарсыласымыз Бірінші лига өкілі болды, ол былтырғы маусымда турнир төртінші орын алған болатын. Естеріңізге салсақ, «Қайрат-Жастар» да алдағы маусымда еліміздің екінші дивизионында өнер көрсетеді.
Бірінші лиганың екі командасы да Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, олар БИІК футбол орталығында күш сынасты. Өкінішке қарай, Александр Арефьевтің шәкірттері тәжірибелі «Алтай» ойыншыларына қарағанда жекпе-жектің көпшілігінде нашар болды. Алматылықтардың қарсыласы өздерінің мүмкіндіктерін дұрыс пайдаланып, стандартты жағдайлардың арқасында қауіпті сәттерді жиі ұйымдастырды. Бірінші таймда Дінмұхамед Жомарт жақсы ойнағанына қарамастан, допты қақпасынан екі рет алып шығуға мәжбүр болды.
Үзілістен кейін де ойын барысы өзгерген жоқ. «Алтай» мықтырақ көрінді, алысқа пас беріп ойнады, әуедегі барлық жекпе-жекте жеңіске жетті. Шабуылдағы белсенді ойынының арқасында қарсылас тағы екі гол соқты. Матчтың соңында «Қайрат-Жастар» есеп айырмашылығын қысқартты. «Сары-қарлықтар» сәтті шабуыл жасап, қақпаға соққы бағыттаған, Дархан Меделхан допты қақпада тулатты.
Матч есебі – Шығыс Қазақстан облысы клубының пайдасына 4:1.