«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» Таразда белсендіру жаттығуларын өткізді
Қайрат

«Қайрат» Таразда белсендіру жаттығуларын өткізді

16 августа 2019
/ 11:00

«Сары-қаралар» жаттығу аптасын Тараздың «Орталық» стадионында жеңіл сетпен аяқтады.

«Таразға» қарсы ойынның аяқталғанына бір аптадан аз уақыт өтті, бірақ жеребенің қалауымен командалар ертең  тағы да «Орталықта» матч өткізеді. Естеріңізге сала кетейік, 22-ші тур аясында «сары-қаралар» Вахид Масудовтың шәкірттерін 0:1 есебімен жеңді.

Таразға ұшып келгеннен кейін, «Қайрат» командасы жергілікті «Орталық» алаңда белсендіру жаттығуларын жасап, Алматыда жаттығу апталығында жаcаған комбинацияларды кезекті рер қайталады. Жаттығу соққылардың қақпаға дәлдігін пысықтаумен аяқталды.

«Қайрат» ФК-ның бас бапкері Алексей Шпилевский:

«Бір жағынан, ізін суытпай қайта ойнағанымыз жақсы болды. Яғни, біз алаңның қандай болатынын, қандай қарсылас, қандай жанкүйер болатынын білеміз. Бір жағынан біз босаңсымау керекпіз. Одан да жақсы ойнау қажет. Менің өткен матчқа аса көңілім толмады, бірақ біз жеңіске лайықты болдық. Бірақ ертең ойынның барлық кезеңдерінде жақсы ойнау қажет. Ертең тактикалық өзгерістер болады. Персоналдық өзгерістер де. Ертең негізгі құрамның екі футболисті ойнамайды. Сары қағаздың көптігінен Мартон Эппель және Сергей Политевич ойынды өткізеді. Дискалификациядан кейін Небойша Косович оралды. Ол жаттығу процессін жақсы өткізіп, өзінің алдағы матчқа дайын екенін көрсетті».

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»