Биылғы жылдың қазанында Т. С. Сегізбаев атындағы Академияда «Мейірімділік Ерікті Қауымдастығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақстандағы алғашқы инклюзивті футбол клубы таныстырылып, оған «Аңсау» деген ат берілген болатын.
Бүгін «Қайрат» Академиясының кіші манежінде клуб тәрбиеленушілері мен «Аңсау» командасы балаларының қатысуымен жолдастық матч өтті. Командалар шараны дәстүрлі түрде жаттығумен бастап, кейін «қызылдар» мен «көктер» арасындағы достық ойын өз бастауын алды.
Ойын достық атмосферада өтті, футболдағы алғашқы қадамын жасаған балалардың жүзінен қуаныш пен махаббат байқалды. Матч «қызылдардың» пайдасына аяқталды – 5:2.