«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» Суперкубок үшін ойында жеңіліп қалды
Қайрат

«Қайрат» Суперкубок үшін ойында жеңіліп қалды

03 марта 2019
/ 00:00

«Астана» - «Қайрат» 2:0

Голдар: Кабананга (7'), (65').

«Астана»: Ненад Эрич (к), Марин Аничич, Иван Маевский, Антонио Рукавина, Марин Томасов, Дорин Ротариу, Джуниор Кабананга, Роман Муртазаев, Евгений Постников, Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко.

Қосалқы құрам: Станислав Павлов, Данил Подымский, Рангело Янга, Лука Шимунович, Сергей Хижниченко, Владислав Прокопенко, Юрий Перцух, Серікжан Мужиков, Дмитрий Шомко.

«Қайрат»: Стас Покатилов  - Дино Миканович, Елдос Ахметов, Ян Вороговский, Раде Дугалич – Конрад Вржещиньский, Айбол Әбікен, Исламбек Қуат (к), Хан Чжон Ву – Адеринсола Эсеола, Вячеслав Швырев.

Қосалоқы құрам: Владимир Плотников (Қ), Данил Устименко (Қ) - Александр Соколенко, Сергей Кейлер - Рамазан Оразов, Георгий Жуков, Еркебұлан Тұңғышбаев - Рифат Нүрмугамет, Мартон Эппель.

Қазақстан Суперкубогы үшін матчта «Қайрат» «Астанаға» есе жіберді. «Орталық» стадионда өткен ойында Джуниор Кабананга екі гол соғып, дубль авторы атанды. Алматының ауа райы да ойынға аз-кем өзгерістер енгізді. Жылдам футбол ойнайтын алматылық команда үшін алаңның жағдайы кедергі болғандай. Кездесудің алғашқы бөлігі «Астананың» басымдығымен өтті. Елордалық футболшылар жетінші минутта есепті ашты. Абзал Бейсебеков Марин Томасовқа өткір пас берген, ал Томасов допты Кабанангаға жеткізді. Конголық шабуылшы қақпаны тура көздеді.

Гол жібергеннен соң алматылықтар таразы басын теңестіруге тырысты. Ал «Астана» қорғанысты мығым ұстады. 23-ші минутта Адренисола Эсеола гол соғуына тамаша мүмкіндігі болған еді, алайда оның соққысы жойқын болмады. Бірінші таймның соңында Вячеслав Швыревтың соққысын Ненад Эрич әрең қайтара білді.

Екінші таймда Айбол Әбікеннің орнына алаңға Рамазан Оразов шықты. 66-шы минутта «Астананың» шабуылды сәтті шықты. Роман Муртазаев сол қапталдан Кабанангаға пас өткізді. Ал Джуниор қақпаның алыс бұрышын дәл көздеді. 83-ші минутта Адеринсола Эсеола алаңнан қуылды. Осыдан кейін есеп өзгерген жоқ – 2:0.

Фото: Александр Ковпак

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»