Almaty Theatre-де маусымның жабылуына арналған мерекелік кеш өтті.
Клубымыздың 11 өкілі түрлі номинация бойынша ұсынылғанын еске саламыз. Бапкерлер, капитандар, ардагерлер мен БАҚ өкілдері қатысқан дауыс беру нәтижесі бойынша келесі «қайраттықтар» жеңіске жетті:
• Үздік жартылай қорғаушы – Олжас Байбек
• Үздік шабуылшы – Рамазан Бағдат
• Үздік менеджер – Наргиз Нысанова
Жылдың символдық командасына қорғаушы Алихан Исраилов пен шабуылшы Рамазан Бағдат кірді. Сондай-ақ үздік жас футболшылардың символдық командасында қорғаушы Данияр Ташпулатов пен шабуылшы Дастан Сатпаев болды.
Сонымен қатар Рамазан Бағдат Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиевтің қолынан турнирдің үздік сұрмергені жүлдесін алды.
Мерекелік кешті қорытындылай келе, Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов пен QJ League президенті Рохус Шох «Қайрат» U-18 командасына алтын медаль тағып, көптен күткен кубокты табыс етті.