Бұл оқу-жаттығу жиынына «Қайраттың» үш ойыншысы шақырылды – Артур Шушеначев, Данил Устименко және Сұлтанбек Астанов. Жаттығудың алғашқы күндеріне «сары-қаралардың» тағы бір шәкірті Әділет Садыбеков қатысқан болатын.
14 қарашада ұлттық құрама Ташкентке аттанды, ал 16-сында Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізіп, 0:2 есебімен ұтылды. Артур Шушеначев, Сұлтанбек Астанов және Данил Устименко құрамға еніп, ойынға қатысқан жоқ.
17 қарашада Қазақстан құрамасы Абу-Дабиге келіп, екі күннен кейін Біріккен Араб Әмірліктерімен ойнады. Жолдастық кездесу 1:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды, «Қайрат» ойыншылары ойынға қатыспады.
Фото: ҚФФ