«Шахтер» – «Қайрат»1:0
Гол: Тұрысбек (17').
«Шахтер»: Тимурбек Закиров (Қ) - Абдель Ламанж, Гидеон Баа, Андрей Буйволов, Дмитрий Ятченко-Михаил Бакаев (К), Мухаммед Усман, Жереми Манзорро, Сергей Зенев-Павел Кривенцев, Бауыржан Тұрысбек;
Қосалқы құрам: Егор Цуприков (В) - Богдан Савкив, Әлия Абубакар, Егор Алишаускас, Геворг Наджарян - Еркебұлан Нұрғалиев, Арсен Хубулов, Асланбек Кәкімов, Жан Али Пайруз;
«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ) - Гафуржан Суюмбаев (К), Нұралы Әліп, Раде Дугалич, Дино Миканович - Яцек Гуральский, Айбол Әбікен, Конрад Вржещиньский, Гүлжигит Алыкулов - Абат Аймбетов, Артур Шушеначев.
Қосалқы құрам: Данил Устименко (В) - Камо Оганесян, Сергей Кейлер, Адам Адахаджиев, Небойша Косович, Еркебұлан Тұңғышбаев, Сұлтанбек Астанов, Адеринсола Эсеола.
Ағымдағы маусымның алғашқы сырт алаңда өткен матчы номиналды қожайындардың минималды жеңісімен аяқталды. Матч Қостанайда өткенін еске саламыз.
«Қайраттың» бастапқы құрамында, сәрсенбіде өткен «Оқжетпес» командасын 5:0 есебімен жеңген ойынымен салыстырғанда, екі өзгеріс орын алды. Небойша Косовичтің орнына Айбол Әбікен шықты, ол алаң ортасында Яцек Гуральскиймен жұп құрады. Гүлжиғит Алыкулов Еркебұлан Тұңғышбаевты алмастырды. Шабуылда Шушеначев-Аймбетов дуэті ойнады.
Алексей Шпилевскийдің шәкірттері бірден шабуылға шығып, бірнеше жақсы сәттер жасады. Абат Айымбетов үш мәрте соққы жасайтын позицияда болды, бірақ қарағандылықтардың жолы болды. Есеп күтпеген жерден ашылды: «Шахтердің» ойыншылары допты алға шығарып, Сергей Зенев соққы жасайтын позицияға шықты, бірақ оны Раде Дугалич «жапқан» болатын. Өкінішке орай, допқа бірінші болып Бауыржан Тұрысбек жетіп, Стас Покатиловтың қақпасына гол соға алды. Осы сәттен бастап номиналды қожайындар өздерінің минималды артықшылықтарын сақтау үшін қорғанысқа баса назар аударды. Қайраттықтар көптеген және әр түрлі шабуылдар жасады, бірақ доп қақпаға кірмеді. Ойынның «моторлары»болғанГафуржан Суюмбаев пен Дино Миканович ойнаған қапталдар белсенді болды. Өкінішке орай, Дино Миканович үзіліске дейін алаңнан кетуге мәжбүр болды. Эпизодтардың бірінде ол біздің голкипер Стас Покатиловпен қақтығысып зақым алып қалды. Оны шұғыл түрде Камо Оганесян алмастырды. Үзіліске командалар 1:0 есебімен кетті.
Үзілісте бапкерлер штабы Артур Шушеначевті Адеринсола Эсеолаға ауыстырды. Осылайша, «сары-қараларда» ойынның екінші жартысында құрамды өзгертуге бір ғана мүмкіндігі қалды. Өкінішке орай, оны тағы бір зақымдануға пайдалануға тура келді. Эпизодтардың бірінде қарсыластар Гулжигит Алыкуловтың аяғынан аямай теуіп, ол микрозақым алып қалды. Оның орнына алаңға Сұлтанбек Астанов шықты.
Тайм бойы «Қайраттың» ойыншылары допты иеленіп, Тимурбек Закировтың әлсіз тұсын күтті. Гол соғатын мүмкіндіктер айып алаңының сыртынан тепкен Гафуржан Сүйінбаевта, Айбол Абикенде, Абат Аймбетовте, Адеринсола Эсеолада болды. Соңғы минуттарда форвард позициясына Раде Дугалич шығарылды. Айта кететін жәйт, оны қарсыластар айып алаңында құлатты, алайда төреші пенальти тағайындамады. «Шахтер» төтеп беріп, Қостанайдан үш ұпайды алып кетті.