«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» «Хапоэльге» қарсы матчқа дайындығын аяқтады.
Қайрат

«Қайрат» «Хапоэльге» қарсы матчқа дайындығын аяқтады.

31 июля 2019
/ 11:00

«Сары-қаралар» «Хапоэльге» қарсы ойынға дайындығын аяқтады. «Орталық» стадионда теориялық және практикалық сессия өтті. Сессиядан кейін команда бірге кешкі ас ішті.

 Командағың тәлімгері Алексей Шпилевский өзінің штабымен бірге теориялық сабақ өткізіп, ертеңгі матчқа егжей-тегжейлі бағыт-бағдар берді. Содан кейін алматылықтар өздерінің «Орталықтағы» өз алаңында жаттығу өткізді. Допты дәл беруді, шабуылды аяқтауды жаттықты. БАҚ өкілдеріне  жаттығудың алғашқы он бес минутына қатысуға рұқсат етілді.

Ұзақ емес бірақ өнімді практикалық сессиядан кейін команда бірге кешкі ас өткізді.

Еске сала кетейік, Беэр-Шевалық «Хапоэльге» қарсы матч, 1 тамызда, «Орталық» стадионда өтеді. Ойын 20:30 басталады. Кездесудің трансляциясы Qazaqstan ұлттық телеарнасында өтеді.   

 

 

 

 

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»