«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«ҚАЙРАТ» ФУТБОЛ КЛУБЫНДА КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ОРЫН АЛДЫ
Қайрат

«ҚАЙРАТ» ФУТБОЛ КЛУБЫНДА КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ОРЫН АЛДЫ

26 января 2022
/ 06:00
Ресми: Данильянц Иван Альбертович - «Қайрат» футбол клубының бас бапкерінің көмекшісі.

Иван Альбертович Данильянц - 1953 жылы 20 ақпанда Ашхабад қаласында (Түрікмен КСР) дүниеге келген.
1970-1974 жылдары Түрікмен ұлттық университетінің, дене шынықтыру факультетін тәмамдаған. Ойыншы ретінде кәсіби мансабын қорғаушы ретінде, 1971 жылы Ашхабадтық «Строитель» командасында бастаған.

1981-1983 жылдары Мәскеудегі дене шынықтыру және спорт туризм университетін үздік оқып бітірген.
1991 және 1994 жылдары - «Клагенфурт» (Австрия) жасөспірімдер командасының бапкері болғар.
1998-1999 жылдары - Молдова ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарған.
Ал 2000 жылы - Тираспольдік «Шериф» командасының бас бапкері болған.

2004 жылы УЕФА-ның «ПРО» лицензиясы бар дипломын алды.
2006-2009 жылдары - УЕФА жобасы бойынша, Молдова футбол Федерациясының бапкерлердің біліктілігін арттыру департаментінің басшысы қызметін атқарған.

2010 жылы Иван Альбертович «Рубин» командасында, жастар футболын дамыту жобасының басшысы болды. 2015 жылдың қаңтар айынан бастап, сол сәтте «Ростовтың» бас бапкері Құрбан Бердыевтың бапкерлік құрамына енді.
2016 жылы «Ростов» футбол клубының бас бапкері атанған.
«Ростов» Иван Альбертовичтың баптауымен, 2015/16 жылғы Ресей біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.
2017 жылы маусым айында Құрбан Бекиұлы Бердыевпен бірге «Ростов» ФК-нан «Рубин» командасына ауысты.
2017 жылы бапкерлік құрамнан шығып, жастар футболын дамыту бөлімінің басшысы қызметіне ауысқан.
2020 жылы ақпан айында Молдова футбол Федерациясының спорттық директоры қызметіне тағайындалған.

«Сары-қаралар» отбасы Иван Альбертовичке сәттілік және командамен үлкен жетістіктерге жетуін тілейді!
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»