4 қарашада «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Кирилл Кекер, ойыншылар Сұлтанбек Астанов, Лев Кургин, Еркебұлан Сейдахмет, Жоао Пауло, Артур Шушеначев және Вячеслав Швырев мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған «Мейiрiм» бірегей оңалту орталығында балалармен кездесті.
Ойыншылар балалармен бірге тамаша әннің сүйемелдеуімен спорттық жаттығулар өткізді, сондай-ақ орталыққа 1.000.000 теңгені сыйға тартты. Биыл «Қайрат» футбол клубы «Мейiрiм» оңалту орталығына тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді. Бұған дейін орталыққа 4.000.000 теңге аударды.
Орталықтың басшылғы көмек қолын созғаны және назардан тыс қалдырмайтыны үшін алғысын айтып, «Мейiрiм» оңалту орталығы өзге аймақтарда да инновациялық Орталықтар ашуды жоспарлап жатқанын мәлімдеді.
Кездесу соңында балалар ойыншылармен естелікке фотоға түсіп, қолтаңба алды.