«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» ФК киберспорт нарығына енді
Клуб жаңалықтары

«Қайрат» ФК киберспорт нарығына енді

07 мая 2018
/ 00:00

«Қайрат» ФК «KZ-ESPORTS» халықаралық консорциуммен келісімшартқа отырғанын хабарлайды.

3 мамырда «Қайрат» ФК бас директоры Әлішер Апсалямов пен «KZ-ESPORTS» консорциумының ресми өкілі Айдар Паржанов әріптестік туралы келісімге қол қойды.

Киберспорт саласындағы әріптестік арқылы «Қайрат» ФК Қазақстан аймағында тұрақты түрде жұмыс істейтін бірқатар үлкен жобаларды іске асыра алады, оның ішіне мыналар кіреді:

– ҚПЛ жанкүйерлерінің Киберспорт лигасын ашу;

– Спорттың республика аймағында даму жолын талқылау үшін алаңқай ашу, спорт маркетингі мен менеджменті саласында профильді конференция ұйымдастыру және өткізу;

– Компьютерлік спорттың республика аймағында ресми статусын алу жұмысына көмектесу;

– Киберспорт саласында түрлі іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу.

«Қайрат» ФК футболды танымал етіп, Қазақстан спортының халықаралық аренаға шығуы үшін қоғам дамуының заманауи үрдістерін пайдалануға тырысады. Жанкүйерлер мен түрлі коммуникалық арналарды қолдау арқылы Қазақстанда футболды насихаттау – клубымыз үшін негізгі талап!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»