«Қайрат» футбол клубының ҚР OLIMPBET-Чемпионаты мен OLIMPBET-Кубогы аясында өз алаңында өтетін матчтарына БАҚ / Ақпарат агенттіктері өкілдеріне аккредитацияның ашылғандығы туралы хабарлайды.
Аккредитацияға өтінім, басшының қолы қойылған фирмалық бланкіде рәсімделуі, БАҚ / Ақпараттық агенттіктің мөрімен расталуы және келесі мәліметтерді қамтуы тиіс:
- БАҚ/ Ақпараттық агенттік атауы;
- Аккредитацияланатын журналистердің / телеоператорлардың / фототілшілердің аты-жөні;
- Аккредитацияланатын БАҚ / Ақпараттық агенттік өкілдерінің электрондық мекенжайы, қызметтік және ұялы телефондарының нөмірі;
- БАҚ/ Ақпараттық агенттіктің пошталық мекенжайы;
- БАҚ / Ақпараттық агенттік иесінің ұйымдастыру-құқықтық нысаны мен атауын көрсету.
Аккредитациялау өтініміне қоса берілуі тиіс:
- БАҚ / Ақпараттық агенттіктің аккредитацияланатын өкілінің сандық форматтағы және ақ фонда түсірілген түрлі-түсті фотосуреті (1080 пиксель суретінің ең төменгі рұқсаты);
- Бұқаралық ақпарат құралдары істері жөніндегі уәкілетті орган берген БАҚ / Ақпараттық агенттікті есепке қою туралы куәліктің көшірмесі;
- Қызметтік куәліктің көшірмесі / БАҚ / Ақпараттық агенттіктің аккредитацияланатын өкілінің жұмыс орнынан анықтама.
Аккредитациялауға өтінімдер 2022 жылдың 2 наурызына дейін, мына электрондық мекен-жайға қабылданады:
d.adilbekov@fckairat.kz
Аккредитациялау келесі квоталарды қарастырады:
- Баспасөз БАҚ: 1 журналист және 1 фототілші;
- Телевизия: 2 журналист және 1 телеоператор;
- Ақпараттық агенттіктер: 2 журналист және 1 фототілші;
- Интернет-порталдар: 2 журналист және 1 фототілші.
БАҚ / Ақпарат агенттігінің аккредитацияланған өкілдеріне «Қайрат» ФК-ның 2022 жылғы турнирлік маусымының ҚР OLIMPBET-Чемпионаты мен OLIMPBET-Кубогындағы өз алаңында өтетін матчтарына жіберілгенін растайтын және оларға «Футболдан ҚР OLIMPBET-Чемпионаты мен OLIMPBET-Кубогының матчтарын өткізудің техникалық регламентінде» көзделген құқықтарға кепілдік беретін куәлік беріледі.
Басқа қалалардан келген БАҚ / Ақпарат агенттіктері өкілдеріне «Қайрат» ФК-ның өз алаңында өтетін матчтарының басталуына 72 сағат қалғанға дейін өтінім білдіргендерге бір жолғы аккредитация ұсынылады.