«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» ФК Академиясында бапкерлер құрамы үшін екі күндік семинар өтті
Клуб жаңалықтары

«Қайрат» ФК Академиясында бапкерлер құрамы үшін екі күндік семинар өтті

15 октября 2019
/ 11:00

Қазақстан футбол федерациясының техникалық орталығы мен «Қайрат» ФК екі жақтық ынтымақтастық аясында клуб Академиясында бапкерлер құрамы үшін екі күндік семинар өткізді.

Дәріскерлер ретінде техникалық орталықтың директоры Арсен Іңкәрбеков, сондай-ақ техникалық директор Геннадий Скуртул сөз сөйледі. Спикерлер бапкерлер кадрларын дамыту стратегиясын, сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясының ойын моделін презентациялады.

Клуб Академиясының бапкерлері және балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту бағдарламасының жетекшісімен қатар, семинарға клубтың негізгі командасының өкілдері: «Қайрат» ФК бас бапкері Алексей Шпилевский және оның ассистенті Кирилл Кекер қатысты.

Өз кезегінде «Қайрат» ФК Академиясының басшылығы өз жұмыс ұстанымдарымен бөлісті. Сондай-ақ біздің қонақтарымызға клуб академиясы тәрбиеленушілерінің жаттығу сабақтары көрсетілді.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»