«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» ФК 2023 жылғы маусымға БАҚ аккредиттеуін бастайды
Қайрат

«Қайрат» ФК 2023 жылғы маусымға БАҚ аккредиттеуін бастайды

15 февраля 2023
/ 06:00

«Қайрат» футбол клубы 2023 жылғы маусымның OLIMPBET-Чемпионатында және OLIMPBET-Қазақстан Кубогында команданың үй матчтарына БАҚ / ақпараттық агенттіктер өкілдерін аккредиттеудің ашылғаны туралы хабарлайды.

Аккредиттеуге өтінімдер 2023 жылғы 2 наурызға дейін, қоса алғанда, электрондық мекенжайға қабылданады: press@fckairat.kz

Аккредиттеуге өтінім фирмалық бланкіде, басшының қолымен ресімделуі, БАҚ / ақпарат агенттігінің мөрімен куәландырылуы және мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

– БАҚ / ақпарат агенттігінің атауы;

– Аккредиттелетін журналистердің / телеоператорлардың / фототілшілердің аты-жөні;

– Аккредиттелетін БАҚ / ақпараттық агенттіктер өкілдерінің электрондық мекенжайы, қызметтік және ұялы телефондарының нөмірі;

– БАҚ / ақпарат агенттігінің пошталық мекенжайы;

– БАҚ / ақпарат агенттігі меншік иесінің ұйымдық-құқықтық нысанын және атауы.

Аккредиттеу өтініміне қоса берілуі тиіс:

– Аккредиттелетін БАҚ / ақпарат агенттігі өкілінің сандық форматтағы және ақ фонда (3х4)түрлі-түсті фотосуреті;

– Аккредиттелетін БАҚ / ақпарат агенттігі өкілінің жұмыс орнынан қызметтік куәліктің көшірмесі 

Аккредиттеу келесі квоталарды қарастырады:

– Баспа БАҚ: 1 журналист және 1 фототілші;

– Интернет-порталдар: 2 журналист және 1 фототілші;

– Теледидар: 2 журналист және 1 телеоператор;

– Ақпарат агенттігі: 2 журналист және 1 фототілші.

БАҚ/ақпараттық агенттіктердің аккредиттелген өкілдеріне «Қайрат» ФК-ның OLIMPBET-Чемпионатында және 2023 жылғы Қазақстан Республикасының OLIMPBET-Кубогында турнирлер маусымында өз алаңындағы матчтарына қатысуға рұқсатын растайтын және «Техникалық Футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты мен кубогының матчтарын өткізу ережесі».

«Қайрат» ФК өз алаңындағы матчтарына дейін 72 сағаттан кешіктірмей өтініш берген БАҚ/ақпарат агенттіктерінің резидент емес өкілдеріне бір реттік аккредиттеуі беріледі.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»