Осы маусымда ол «Қайраттың» екі матчында төрелік етті: наурызда алматылықтар өз алаңында «Қызыл-Жар СК» (2:1) командасын, ал шілдеде павлодарлық «Ертісті» (4:0) ұтты.
Оған Илашбек Орунбаев (Шымкент) пен Никита Мортин (Ақтөбе) көмектеседі. Кездесудің қосалқы төрешісі болып алматылық Айдын Рахымбаев бекітілді.
Матч инспекторы – астаналық Эдыген Юмашев.